Ирақтың сыртқы істер министрі Хошьяр Зибари бүгін Копенгагенде коалиция күштерін Ирақтан әскерлерін алып кетпеуге шақырды.

КОПЕНГАГЕН: Ирақтың сыртқы істер министрі Хошьяр Зибари бүгін Копенгагенде коалиция күштерін Ирақтан әскерлерін алып кетпеуге үндеді. Оның айтуынша, көпұлтты күштер Иракты демократиялық жолдан тайдыруды мақсат еткен “экстремистер мен террористерге қарсы күресу үшін қажет. Бұл сөзін Хошьяр Зибари Копенгагенге сапары барысында бірнеше ел лидерінің өз әскерлерін Ирақтан алып кету жөніндегі ұсынысынан кейін білдірді.