Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас облысындағы 12 күндік соғыс қимылдары аяғына тақап қалды.

ИСЛАМАБАД: Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас облысындағы 12 күндік соғыс қимылдары аяғына тақап қалды. Пәкістан армиясының өкілі Мехмуд Шахтың хабарлауынша, әскер өзінің алдына қойылған міндетті орындап, соғыс қимылдары барысында “Әл-Қаида”-ның 60 жасағының көзін жойып, 160-тан астам жасағын тұтқынға алған. Бірақ қоршауда болған “Әл-Қаида” көсемдерінің бірі қолға түспей құтылып кеткен сияқты.