БЕЛГРАД: Косово өлкесіндегі ахуалды серб жетекшілерімен талдау мақсатында бірқатар елдің өкілдері Белградта бас қоспақ. Олардың ішінде АҚШ- мемлекеттік хатшысының орынбасары Марк Гроссман Сербияның премьер-министрі бастаған серб өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр. Кеше Марк Гроссман Косовоның астанасы Приштинада болып, өлкедегі ахуалды үйлестірудің жоспарын ұсынатынын хабарлады.