ГААГА: Босниялық 6 хорват – бұрынғы саясаткерлер мен қолбасылары – бүгін Гаагаға ұшып келіп, ондағы Халықаралық Трибуналдың қолына өз ықтиярымен берілді. Олардың ішінде Боснияның бұрынғы сыртқы істер министрі Ядранко Прлич те бар. 6-уы да 1992-95-ыншы жылдарда Босниядағы соғыс кезінде мұсылмандарға қарсы қарсы қылмыс істеді, соғыс тұтқындарының жағдайы туралы Женева конвенциясы мен соғыс заңдарын өрескел бұзды деп айыпталуда.