Қазір Ирақта 32 елінің сарбаздары жүр. Әлемдік ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, соңғы күндері Ирақта Америка әскерилері мен әсіре солшыл шииттер арасында бірнеше қарулы қақтығыстар болған. Адам шығыны мен жараланғандар бар. Осыған байланысты, Қазақстан парламентінің депутаты Владислав Косаревтің пікірінше, Қазақстан сарбаздарын дереу Ирақтан шығару керек.
Қазақстанның қорғаныс министрлігімен сыртқы істер министрлігі уақыт тығыздығына орай, осы мәселеге байланысты ақпарат бере алмайтындығын хабарлады. Сондықтан, Ирақта болып жатқан қақтығыстарға орай, Қазақстандық сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қандай қосымша шаралар қолға алынып жатыр? Бітімгершілік опперацияларына қатысқан қазақстандық батальонның заңдық негіздемесі қандай, деген сұрақтар жауапсыз қалды. Астана жұртшылығы өкілдерінің пікірінше, бөтен елдегі жанжалға араласпау қажет.
Өзбектер міне қырылып жатырғой, ауғанға жәрдем ебргені үшін. Ол сондай болады ертең Қазақстанда.
Миллионмен бәрібір адам жанын келтіре алмайсыңғой. Ол өледі де кетеді. Ол миллионды бере ме, бермей ме? Сол отбастарына көмектесіп жатыр ма екен, құр ақша бергенше.
Қазіргі көзқарас бойынша, бұл бейбітшілік үшін соғыс деп саналағанымен ертең ол өзгереді. Және оның артында кім тұрғаны белгісіз. Сондықтан мүмкіндігінше, сарбаздарды мұндай соғысқа жібермеу керек.
Біздің қазбаттың ол жаққа баруына мен қарсымын. Менде де 2 ұлым бар. Мен ол жаққа жібергім келмейді.
Бұған дейін, республиканың қорғаныс мекемесінің басшысы Мұхтар Алтынбаев мәлімдегеніндей, Ирактағы Қазақстан сарбаздарына тәулігіне 40 доллар беріледі. Орта есеппен ай сайын жауынгер мың жарым доллар қаражат табады. Егер сарбаздар миссиясы атқарылып жатқан ауданда әскери операциялар басталса жауынгерлердің еңбекақысы 3 есеге ұлғайтылады,-деген уәде берілген. Қаза болған Қазақстандықтардың отбасына 2 мың доллар шамасында үстемақы берілуге тиіс.
Ауғанстандағы соғысқа қатысқан қазақстандықтардың пікірінше, Ирактағы бітімгершілік батальоны үшін, ешбір әлеуметтік кепілдіктер ескерілмеген. Сол соғыстың ардагері, қазір Ирақта жүрген Қазақстандық сарбаздар сияқты, кезінде жарылғыш заттарды залалсыздандырған Қасен Исатаевтің ойынша, Қазақстандық жауынгерлер үшін, қауіп жоқ деген сөз шындыққа ұласпайды.
Бақа мемлекетке барып, жараланады, мүгедек болып келеді. Ешкім үстемақы төлемейді. Мен 2 жыл Ауғаныстанда болдым, саперный ротада. Әр адымың, сенен бірдеңе қала ма қалмай ма, белгісіз.
Ал, Ауғанстан соғысына қатысқан қазақстан парламенті депутаттарының бірі Хамит Әмірқожиннің сөзіне қарағанда қазбаттың Ирактағы бітімгершілік миссиясы орынды.
Мен өзім Ауғанға соғысқа қатысқам, Сол соғыс болмайтын еді, егер, әлеи көмектессе. Бір жағынан олар үйренеді, сол қиын жағдайда. Бірақ, бір жағы маған келмейді. Ол жігіттерде статустары жоқ. Ертең бірдеме болып қалса, жараланса. Мен үкіметке хат жазған едім. Иракқа барып көрейін деп, Бірақ, премьер министрден хат келді. Жібере алмаймыз, бізде комиссия жоқ деп.
Қазақстан қорғаныс министрлігінің алғашқы мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан сарбаздары толығымен солтүстік атлантикалық әскери одақ стандарттарына сай әскери жарақпен қамтамасыз етілген. Алғашқы жіберілген сарбаздар Ирак тұрғындарын сумен қамтамасыз етуге және жарылғыш заттарды залалсыздандыруға жауапты болған. Жасақ құрамында офицерлер, аудармашылар және келісім шартпен жіберілген сарбаздар бар. Әскери бөлімге тек өз еркімен келгендер жинақталған. Сарбаздардың барлығы арнайы дайындықтан өткен. Тіл үйреніп, мүмкін болады деген науқастарға қарсы егуден және психологиялық дайындықтан өткен,-деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.