Президент Кочарянның резиденциясы маңайында наразылық шеруін өткізген ол 3 мыңдай адам тобын, тілшілеріміздің хабарлауынша, полиция су зеңбірегі және резина оқтарымен атқылап, қолшоқпармен соғып таратқан. Оппозиция жетекшісі Стефан Демирчянның тілшімізге айтуынша, жарақат алған көптеген шеруші ауруханаға түскен.
Оппозиция өткен жылғы сайлау кезінде бұрмалауға жол берді деп президент Кочарянды қаралайды. Сондықтан соңғы апталардағы шерулерінде олар Кочарянның қызметтен кетуін талап етіп келеді.
Ал бірақ İшкі істер министрлігі өкілі Ширинян: бүгін өткен түнгі шеру үшін олар кінәлі, себебі олар біздің ескертуімізге құлақ аспай қарсылық әрекетін жасады,- деп оппозицияны қаралаған.