Шиит мұсылмандарының жетекшісі Мұқтада ас-Садрдің бас көмекшісі Хазем ал-Араджиді қасиетті қала Наджафтың маңайында тұрған АҚШ күштері тұтқынға алған.

Бірақ СиЭнЭн теледидарының соңғы мәліметтеріне қарағанда, ол кейінірек босатылған. Ал-Араджи Бағдадтағы бір қонақ үйдегі тайпа жетекшілерінің мәжілісіне келген кезде ұстаған. Бұл арада ас-Садр өзінің ал-Махди әскери күштерін Наджаф, Кербала және Куфадағы үкіметтік ғимараттардан, полиция бекеттерінен шығып кері шегінуге бұйрық берген. АҚШ әскерилері ас-Садрді тұтқындау немесе өлтіруге әрекет етіп отыр. Әзірше Фаллуджада АҚШ жетекшілігіндегі одақтас күштер өз соғыс операциясын бейресми түрде уақытша тоқтатып отыр.