АҚШ біріккен күштері штабы бастығы генерал Ричард Майерстің айтуынша, Наджаф және Фаллуджа қаласындағы топтармен келіссөздер жүргізуде, Ирақтағы АҚШ әкімі Пол Бремер, барлық каналдардан пайдалануда.

АҚШ күштері бүгін шиитер басым Наджаф қаласы маңайына келіп жайғасқан. Ол жерде шииттер жетекшісі Моқтада ал-Садр болуы мүмкін деген болжам бар.

Өткен түнде суннилер көбірек тұратын Фаллуджа қаласында, өзара келісімге қарамай, партизан топтар мен қақтығыстар болған . Ирақтың денсаулық мекемесі өкілі Иссам Мохамедтің айтуынша, ирақтардан кемінде 15 адам қаза тауып, 20 кісі жарақат алған. Бүлікшілдер көтерілісін басу үшін АҚШ Ираққа тағы да қосымша 20 мың әскер жібермек.

Ресей Ирақта жұмыста жүрген 800дей азаматты алып шығып кетуде. Соңғы мәліметтерге қарағанда, Ирақта даниялық бір бизнесмен кепілдік тұтқынға түскен.