Ший мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Садр Мадридтің Ирақтан өз әскерін шығару туралы шешіміне байланысты, өз жасақтарына испан әскерімен қақтығыспауды бұйырды.

Ший мұсылмандарының әсірешіл көсемі Мұқтада Ас-Садрдың жақын көмекшісінің бүгін хабарлағанындай, Мадридтің Ирақтан өз әскерін шығару туралы шешім қабылдауына байланысты, Ас-Садрдың жасақтарына испан әскерімен қақтығыспауды бұйырды. Шейх Қаис әл-Хазалидің айтуынша, Ирақтағы “испан күштерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге” бұйрық берілді. Ас-Садр, сонымен қатар, бас елдердің үкіметтерін Испаниядан үлгі алып, Ирақтан “әскерін алып кетуге” шақырды.