Голландияның 2 дүниежүзілік соғыстан кейін Украинада қалған жүздеген көркем-өнер шығармасын Киев кейн қайтарады. Ол жайында Голландияның премьер-министрі Ян Петер Балкенэндемен Киевте өткізген баспасөз-маслихатында Украин президенті Л.Кучма мәлімдеді. Франц Кенигтің жинағына жататын Голландияның мұражайларында сақталған неміс суретшілерінің 14-15 ғасырлардағы портреттері мен суреттері соғыс жылдарында талан-таражға салынып, жеке-жеке сатылды.