Израильдің қорғаныс министрлігі бүгін 20 жылдай түрмеде отырған ядролық маман Мордихай Ванунудың еркіндікке шығатынын растады. Қазір жасы 50-ге келген Вануну Израильдің бұрынғы ядрошыл маманы. 1986 жылы Лондонның The Sunday Times газетінде Израильдің ядролық ізденістерінің кейбір мәліметін жариялағаны үшін, Израильдің Моссад атаулы барлау қызметі ұрлап елге алып кетті.