Иордания патшасы Абдулла АҚШ президенті Дж.Бушпен Вашингтонда сәрсенбіге белгіленген кездесуін кейінге қалдырды.

Иордания патшасы Абдулла АҚШ президенті Дж.Бушпен Вашингтонда сәрсенбіге белгіленген кездесуін кейінге қалдырды. Екі жақты келіссөз мамыр айының басында өтуі ықтимал. АҚШ-тағы Иордания елшілігінің хабарлауынша, кейінге қалдыру Таяу Шығыс жанжалын үйлестіруге деген Вашингтонның ұстанымын анықтауға мүмкіндік береді. Өткен аптада Дж.Буш: Израиль Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы жердің бір бөлігін өз қарамағында қалдыра алады деп мәлімдеген болатын.