Израильдің зымырандық соққысынан палестиналық “Хамас” тобының көсемі Абдиль Әзиз Рантисидің қаза болуына байланысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі төтенше мәжіліс өткізді. Палестинаның БҰҰ-ындағы өкілі Қауіпсіздік Кеңес Израильге халықаралық заңдарды бұзуға жол беріп отыр деп мәлімдеді. Израиль өкілі Кеңесті “Хамас”-тың лаңкестік әрекеттеріне назар аударуға шақырды. Алжир Израильден “сотсыз кісі өлтіруді” тоқтатуын талап ететін Қарардың жобасын ұсынды. 3 апта бұрын АҚШ - “Хамас”-тың бұрынғы көсемі шайх Аһмад Йассинді өлтірген Израильге сын айтылған осындай Қарарды тоқтатқан болатын.