БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Кипрге қатысты қарарына Ресей вето жариялады.

Кеңестің қалған 14 мүшесі оны қолдап дауыс берген еді. Ресей қарсылығына байланысты ол қарар қабылданбай қалды. БҰҰ-ның ұсынып отырған, “Кипр аралын біріктіру” жоспарына орай кипрліктердің қолдауына ие болу үшін сайлаулар өткізуді осы қарар қуаттауы керек еді.