Сауд Арабия ресми өкілдерінің айтуынша, ел астанасы Риядта полиция бекеттеріне жанкештілік шабуылдар жасалған.
Оның кесірінен төрт адам қаза болып, 148-і жараланған екен. Қаза болғандардың екеуі- полиция қызметкері, бірі- қарапайым азамат, төртіншісі- сириялық 11 жасар қыз бала. Жараланғандардың 45-і ауруханада. Ал, оның үшеуінің жағдайы өте ауыр халде екен.