Ол елдегі Ресей елшілігінен тараған хабарға қарағанда, Солтүстік Корея әкімшілігі бұл апат жағдайын мойындаған, бірақ ол апаттың бір қатар жай-жапсары анықталуда. Ал Халықаралық Қызыл крест ұйымынан Джон Спарроудің айтуынша, Солтүстік Корея бұл ұйымнан көмек сұраған.
Спарроудің мәліметіне қарағанда, апат болған маңайда 1900дей үй және 12 қоғамдық ғимарат қираған.
Сондай-ақ, Оңтүстік Кореяның Йонхап агенттігі, қытайлық күалардың айтқаны негізінде, хабарлағанындай, 550 метрдей аумақтағы теміржол вокзалы, мектеп және үйлер қираған. Пойыздар кендерде қолданатын жарылғыш, қопарғыш заттар алып бара жатқан екен.