Азияның 23 мемлекетінің үкіметтері бүгін құрлықты қақ бөліп өтетін халықаралық жол қатынасын аяқтау туралы бірлескен құжатқа қол қойды.

Азияның 23 мемлекетінің үкіметтері бүгін құрлықты қақ бөліп өтетін халықаралық жол қатынасын аяқтау туралы бірлескен құжатқа қол қойды. Бұл құжат оны 8 ел құптаған сәттен 90 күн өткен соң күшіне енеді деп күтілуде. Халықаралық жол қатынса Солтүстік және оңтүстік Кәрей, Қытай, Вьетнам, Камбоджа, Тайланд, Мьянма, Үндістан, Пәкістан және бірқатар ТМД елін байланыстыруға тиіс. Сарапшылардың пікірінше, халықаралық теңізге шығатын жолы жоқ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Монғолия, Бутан және Непал сияқты елдер үшін бұл жоба аса тиімді болмақ.