Әскери өкілдер кеше шииттердің діни басшысы өз милициясымен бекініп жатқан Наджафта болған қақтығыстың егжей-тегжейін ашып айтудан бас тартқан.
Ал бүгін Фаллуджа қаласының көшелеріне жүздеген полиция күштері шыққан. Бірақ олардың АҚШ жасақтарымен бірге бақылауды қашан бастайтыны белгісіз деген полиция басшыларының бірі.
Ирақтағы американдық әкімшілік пен Фаллуджадағы азаматтық жетекшілер арасында жасалған келісім бойынша көтерілісшілердің ауыр қару-жарақ түрлерін тапсыруға тиіс ең соңғы мерзім - сейсенбі болатын. Ал американдық теңіз жаяу әскерлері мен полицияның бірлескен патрулдік бақылаулары бүгін басталуға тиіс еді.