МӘСКЕУ: Ресей президенті В.Путин бүгін Кремльде конституция алдында ант беріп, 2 мерзімге мемлекет басшысы міндетін атқаруға кірісті. Өз сөзінде орыс президенті: “Ресейде мемлекет басшысы барлығына да жауап беріп келді және алдағы уақытта да жауап бермек. Қазір де солай. Алайда бүгін мен жеке басымның шексіз жауапкершілігімді сезіне отырып, Ресейдің нәтижелі де гүлдене беруі бір адамның қолынан келмейді және бір адамға ғана қарап қалмауы керектігін айтқым келеді”, -деп атап көрсетті.