Ауған елбасы Хамит Қарзай бүгін елдің батысындағы Херат қаласына сапар шекті.

Ол онда провинция басшысы Исмайл Ханмен кездесетін болады. Ал Исмайл Хан болса- орталық өкіметтің аймақтағы жеке топтардың қарусыздануы жөнінде қойып отырған талабына қарсы шығып келе жатқан тұлға. Қарзай мырза сонымен бірге наурыз айында қаза болған Хан мырзаның баласы Мирвайз Садық үшін көңіл айтпақшы. Исмайл Хан өз тарапынан баласының өлімі үшін өкіметшіл бағыттағы қолбасшыны кіналап отыр.