АҚШ әскери өкілдерінің сөзіне қарағанда, олар түнгі шайқастар барысында Мұқтада әс-Садр жасақтарының 13 мүшесін өлтірген.

Ресми өкілдердің айтуынша, тағы 14-і Куфа қаласы маңында жараланған екен. Кешегі шайқастар барысында Садр жақтастарының тағы 35-і оққа ұшқанға ұқсайды. Ал, Киркук қаласында көпшілік жиналған базарда жарылыс болған екен. Оның кесірінен кем дегенде үш адам қаза болып, 23-і жараланған.