Иран суретшісінің ғұмырнамасы неге әлемге әйгілі болып кетті?

  • Смағұл ЕЛУБАЙ
Иран ислам төңкерісі кезінде өткен балалық шағы туралы суретші Мариян Сатрапи жазған " Персополис" атты естелік бүгінде ағылшын, франсуз, неміс, потугал, фин тілдеріне аударылып әлемге әйгілі болып кетті. Бұның сыры неде?
Иран суретшісінің өзінің Иран ислам төңкерісі кезінде өткен балалық шағы туралы жазған өмірбаяндық "Персеполис" атты естелік кітабы юмормен жазылған мұңды кітап. Радиомыздың тілішісіне берген интервьюінде 35 жастағы Мариян Сатрапи былай деді:

"Менің елімнің қандай болғанын білмейтін біраз кісілер маған қарсы шықты. Өйткені 80 жылдардағы Иран олардың көзінде бір зұлымдық ордасы іспетті. Осындай менің елім туралы қате түсініктер болды."

Сондай-ақ, Сатрапи 2,5 мың жылдық өркениеті бар ел 1979 жылғы ислам төңкерісінен кейін тек фундаментализм тероризм тұрғысынан бағаланып келді дейді. Осы кітапты жазу себебім де әлемге ирандықтардың бәрі бірдей фанатик емес екенін көрсету еді дейді.

"Сөйтіп, табан астынан біз Иран халқын террорист бейнесінде қалыптастырдық. Оған себеп ерлер түгел сақал қойып гориллаға ұқсап кетсе, қара бүркеніш жамылған әйелдер болса қарақұстарға ұқсап қалды."

Иран ауторы Мариян Сатрапидің "Персеполис" кітабы Иран өмірі туралы төлтума болғандықтан да сыншылардың оң назарына ілікті. Аталмыш кітаптің бір жерінде қара бүркеніш жамылған мектеп оқушысы қыз бала өз киімі туралы қап қара қара құбыжық болып тұрысымды қара дейді. Екінші бір қыз бала жұрт көзінен тасада қара орамалын шиыршықтап есіп оны секіріп ойнайтын жіпке айналдырады. Мариян Сатрапи бүгінде Францияда тұрады. Ал, енді өзі тұрып жатқан Францияда мектептерде мұсылман қыздарға орамал тарту тиым салуына қалай қарайсыз деген сауалға Сатрапи әйелдерге мына киімді киме деп зорлау мен мына киімді ки деп зорлаудан айырмашылығы жоқ дейді. Сатрапидың суреттері "Либересион" "Интерназионале" "Нию Йорк Таимс" және "Нию Йоркер" басылымдарында жарияланды. Ол жазушы ретінде келесі кітабым шекті тар ойнаушы сазгер туралы дейді. Бір күні өзінің ескі сүйікті тары сынып қалып оның орнына ол неше рет жаңа тар сатып алса да оның дыбысын ұнатпайды. Содан құса болады. Ақыры ол құсадан өз еркімен өледі дейді.

"Oл аспапта ойнау ләззатынан айырылған еді "

Өмір сүрудің қызығы мен мағнасы таусылғанда адамдар да өз еркімен өмірден кетеді дейді бұл Иран ауторы әрі суретшісі.