АҚШ ресми өкілдері тақтан қуылған Саддамды Ирақ билігіне берудің нақты бір күні белгіленген жоқ деген.

Вашингтон. Бұдан ертерек сейсенбі күні Ирақтың аскери қылмыстар трибуналының басшысы АҚШ Саддам мен 100-ге тарта Баас партиясының мүшелерін 30 маусымда билік Ирақтың өз қолына өтер алдында, Ираққа беретін болды деп мәлімдеген болатын. Бұған жауап бере келіп АҚШ-ң мемлекеттік хатшысы Колин Пауелл Саддамды Ирақ сотына беру жөнінде ешқандай дерек айтпадым деген. Бұған қосымша Ричард Баучер Саддамды Ирақ билігіне қашан беру жөнінде шешім қабылданған жоқ деп айтқан.