Лондонда жарық көрген малімдемесінде аталған ұйымның мұндай келеңсіздіктер жөнінде өткен жылдан бері Америка шенеуніктерін бірнеше рет ескерткендіктері айтылған. Сондай-ақ түрмелердегі жағдайларды тергеп-тексерудің нәтижелерін жария етіп, айыптыларды сот алдына тарту керек жане тәуелсіз бақылаушылар да бұл шараларға қатыстырылуы қажет деп атап өтілген .
Адам хұқтары ұйымы тұтқындарға қорлықтың қандай түрлері көрсетілетіндігі өздеріне белгілі екендігін ескертіп, 2003 жылдан бері Ауғанстандағы тұтқындар отырған абақтыларды барып көруге бірнеше мәрте өтініш білдіргендерімен де, АҚШ тарабынан оның бірде-біріне оң жауап болмағандығы да жазылған.