МӘСКЕУ: Ресей мен Иран АҚШ бастаған коалициялық күштерге Ирақтың заңды үкіметін жасақтауға мүмкіндік беруін өтініп, хат жолдады. Мәскеуде Ресей президенті В.Путинмен және басқа да өкілдермен келіссөздерінен соң, Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харрази дүйсенбі күні Ирақтың өтпелі үкіметін жасақтау жөніндегі қазіргі жобасына “заңдылық жетпей тұр” деген өкініш сезімін білдірді.