Ирақ полициясы мен АҚШ әскері Басқару кеңесінің мүшесі Ахмад Чалабидің үйі мен ол бастаған Ирақтың Ұлттық Конгресі кеңсесіне басып кіріп, тінту жүргізді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті бұл тінту саяси мақсатта жүргізілмегендігін мәлімдесе, Ирақтағы коалициялық күштердің өкілі Дэн Сенор тінту шарасының Ирақ полициясының бастамасымен іске асырылғанын хабарлады