Сербия соты 1991 жылғы Хорватияда болған соғыс барасында 200 дей тұтқынды атуға қатысқан бұрынғы 11 солдатты түрмеге жапты. 1991 жылы серб әскері соғыс барысында Хорватияның Вуковар қаласына кіргеннен кейін қараша айында ауруханада жатқандарды қаладан сыртқа алып шығып атып шұқырға көмген. Бұл соғыс қылмыскерлерін Сербияның өз ішінде тұнғыш соттау болды.