БҰҰның есірткімен күрес агенттігі басшысы Антонио Мария Костаның айтуынша, Орталық Азия елдерінің үкіметтері есірткі саудасымен өзара ынтымақтаса отырып күресіп, барлау деректерін бірлесе пайдалануы керек.

Мария Коста, Өзбекстан астанасынан тұрып, Өзбек үкіметін Тәжікстандағы сияқты есірткіге бақылау жасап отыратын өз алдына бөлек агенттік құруға үндеді. Азаттық радиосына берген сұхбатында БҰҰның есірткі қылмысымен күрес кеңсесінің директоры Коста былай деді.

- Есірткі саудасы үдеп отыр. Оның аяқ алысы жаман. Кей елдердегі екпін ерекше. Бірақ біз Тәжікстанда БҰҰ күшімен құрылған агенттікке көңіліміз толып отыр. Шағын және айтарлықтай кедей бұл ел аз қаржымен көп іс тындыруда. Ал одан әлдеқайда дәулетті көрші републикалар тәжіктердің жасағанын жасай алмай отыр, - дейді Коста.

Оның айтуынша, Ауғанстанда өндірілетін апыйынның 25 пайызы шет елдерге Орта Азия аумағымен өтіп тарайды.