Әлемдік мұнай бағасының бағасы құлдырай ма?

Мұнай шикізатының әлемдік бағасы аспандап тұр, АҚШ пен Еуропа Одағы оған ащы наразы болуда. Вашингтон мен Брюссель мұнай өнімінің көлемін ұлғайтып, оның әлемдегі бағасын түсіру үшін мұнай экспорттаушы елдерге қысым көрсетуде. Көмірсутегі шикізатына сұраныс өсіп, өндіріс көлемін ұлғайту қажет болуда. “Азаттық” Радиосының тілшісі әлемдегі мұнайдың бағасы қашан және қандай себептермен төмендеуі мүмкін деген сауал бойынша Энергетика жөніндегі Халықаралық агенттіктің сарапшылармен сұхбаттасқан болатын.

Мұнайдың әлемдік бағасының күрт өсуіне байланысты, көмірсутегі шикізатын ең көп тұтынатын Америка Құрама Штаттары мен ЕуроОдақтың наразылықтары да ұлғая түсуде. 1 баррель мұнайдың әлемдік бағасы соңғы күндері 40 доллардан асып жығылды. Дүйсенбі күні Нью-Йорктің тауар биржасындағы сауда 1 баррельдің бағасы 41 доллар 72 центке жетіп тоқтады. Бағаның күрт өсуі дүниежүзілік экономиканың дамуына кері әсер етуде. Мұнай бағасының өсуі Америка Құрама Штаттарында жанар майдың күрт қымбаттауына соқтырып, оның бір литрі 54.5 центке жетті. Автокөлік десе жанын беретін америкалықтардың жанар май бағасының құбылуына сезімталдығы соншалықты, президент Дж.Буштың қараша айындағы сайлауда қайта сайланбай қалуы да әбден мүмкін. АҚШ-тың қаржы министрі Джон Сноу түсініктемеге тұйық болды. Ол қаржы министрлерінің халықаралық бас қосуында: “аптаның соңына дейін 1 баррель мұнай бағасының 40 долларға жетуі қолайсыз болды”, -деп атап көрсетті.

Дж.Сноу: “Энергияның қазіргі бағасы қолайсыз. Біз мұнай бағасының төмендегенін көргіміз келді. Энергетикалық ресурстың бағасы - әлемдік экономиканың өсу қарқынына әсер етеді”.

Джон Сноу мен ЕуроОдақ елдерінің, Жапонияның және басқа мұнай тұтынушы елдердің министрлері көмірсутегі бағасының 1 баррелі 22-28 долларға дейін төмендегенін тілейді. Бұл – мұнай экспорттаушы елдердің ұйымы - ОПЕК-тің пікірінше, тұтынушы елдер үшін де, экспорттаушы мемлекеттер үшін де тиімді баға. Бірақ мұнайдың бағасы қазіргі жоғарғы деңгейінде қанша уақыт сақталады? Шикізатқа деген сұраныстың өскені соншалықты, оның әлемдік орташа бағамы, мысалға, 1 баррельдің бағасы 25 доллар деңгейіне оралуы енді болмайтын тәрізді көрінеді.

“Азаттық” радиосы осы сауалын Париждегі Энергетика жөніндегі Халықаралық агенттіктің сарапшыларына жолдаған еді. Халықаралық агенттік мұнай нарығындағы ахуал мұқият бақылап-бағып отырады және ай сайын “Мұнай нарығының жағдайын шолу” деген өте ықпалды жинақ шығарады. Энтин Альф – осы агенттіктің мұнай сарапшысы. Ол мұнайдың қазіргі бағасына түсініктеме беруге бармады, бірақ бағаның төмендеу мүмкіндігі туралы оның болжамы көңілсіз болды. Оның пікірінше, мұнай шикізатына деген әлемдік сұраныс соңға айда күтпеген жерден күрт өсті және таяу уақытты төмендей қоймас.

Э.Альф:

“Біз мұнай бағасының бірнеше жыл бойы баяу көтерілгенін бақыладық. Содан болса керек, кейбір сарапшылар мұнайға деген сұраныстың және әлемдік экономиканың бірқалыпты да баяу өсетін дәуіріне келген екенбіз деген тұжырымға келді. Бірақ осы жылы мұнайға деген сұраныстың күрт өсетін айналымына қайта оралғанын байқап отырмыз”. Э.Альфтің айтуынша, ең үлкен фактор – мұнайға деген сұранысы мен экономикасы адымдап дамып келе жатқан Қытай болып отыр. Әлемдегі халқы ең көп елдің экономикасы теңдессіз қарқынмен – жылына 10 процентке өсуде. Осындай қарқын, Энергетика жөніндегі Халықаралық агенттіктің бағалауынша, Қытайдың мұнайға деген сұранысын күніне 1 млн. баррельге дейін жеткізді.

ОПЕК-ке мүше және одан тыс мұнай экспорттаушы елдер сұранысты қанағаттандыру үшін мұнай өндірісінің көлемін ұлғайтуға тырысып көрді, бірақ Энтин Альф Қытай сұранысының төмендеуі туралы ештеңе айта алмады. Оның пікірінше, екінші үлкен фактор – экономикасының соңғы кезде тез оңала бастауы нәтижесінде дизель отынына деген сұранысы күрт ұлғайған АҚШ.

Э.Альфтің Халықаралық агенттіктегі әріптесі Дэвид Файфтың мұнай бағасының төмендеу болашағына деген пікірі Альфтікідей көңілсіз емес. Қытай сұранысының әлемдік мұнай бағасына ықпал етуі мүмкіндігімен ол келіседі. Бірақ, Д.Файф ОПЕК-ке кірмейтін елдер, әсіресе Ресей мен Батыс Африкада мұнай экспорты көлемінің ұлғайып келе жатқанын нұсқайды. Демек ол, Файфтың пікірінше, бағаның төмендеуіне әсер ете алады.

ОПЕК-ке кірмейтін мұнай экспорттаушы елдердің қатарына Ресей, Каспий жағалауындағы елдер, Солтүстік Еуропа, Батыс Африка және Солтүстік Америка жатады. Олар бүкіл әлемдік мұнай шикізатының үштен екісін шығрады.

Осыған байланысты Д.Файф:

“ОПЕК-ке кірмейтін мұнай экспорттаушы елдердің өндіріс көлемдерінің ұлғайып келе жатқандығын білген соң, мен, шамалап алғанда, алдағы 2, 3-4 жылда 1 баррель мұнайдың бағасы 20 доллардың, яғни 22-28 доллардың шеңберіне қайта оралуы әбден мүмкін деп айтар едім”, -деп мәлімдеді. Ал әзірге мұнай өндірісі көлемінің қысқаруына деген алаңдаушылықтың салдарынан, соңғы 2 күнде 1 баррель мұнайдың бағасы шамамен 2 долларға көтерілді.