Пәкістан президенті өзіне қастандық жасағандардың сыртында солдаттар да болған деді.

Пәкістан президенті Первез Мушараф өткен желтоқсан айында өзіне жасалған қастандықтың сыртында Пәкістан әскерінің солдаттары, әуе күштерінің қызметкерлері болды деді телеарна арқылы сөйлеген сөзінде. Пәкістандағы исламшыл топтар Мушарафты терроризмге қарсы АҚШ соғысын қолдады деп айыптап келе жатқаны аян.