Иранның Жоғары Басшысы Аятолла Али Хаменеи ертеңгі күнді Ирақ үшін аза тұту күні деп жариялады. Хаменеи Ирақтағы АҚШ әскері Ирақ шииттерінің киелі орындарын қиратты деген. Иранның діни басшылары Ирақтағы соғысқа байланысты бүгіндері анти-американдық үндеулерін жиілете бастағаны белгілі.