Ресей федералдық күштерінен хабарланғанындай, олар Шешенстанның оңтүстігіндегі аймақта жүргізген арнаулы операциялары кезінде 20 шешен жауынгерін мерт еткен.
Полковник Шабалкиннің айтуынша, бұл қанды уақиғалар Ведено, Шали және Шатой аудандарында болып өткен. Ресми дерекке қарағанда, бүлікшілдер соңғы тәулікте федералдық бекеттерге кемінде 20 рет шабуыл жасаған.