Маусымның 1 күні Парламент Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Төлен Тоқтасынов Үкімет басшысы Даниал Ахметовке депутаттық сауал жолдады.
Депутаттық сауалда мамырдың 14-і күні Президенттің тікелей эфирде берген жауаптарына сілтеме жасалады.
«Америкада болып жатқан сот процесі Гиффенге байланысты. Сонда бұл жөнінде президенттің айтқан бір жауабы бар. Гиффеннің маған ешқандай қатынасы жоқ. Гиффен ол үкіметтің кеңесшісі болған. Кезінде Гиффен Қазақстан Республикасы атынан мұнайға байланысты келісім-шарттарға қол қойған. Ол келісім–шарттар Қазақстан үшін өте пайдалы. Оны бүгін мұнайшылар дәлелдеп отыр деп келтірді» дейді.
Төлен Тоқтасынов, Президент сөйлеген сөзінде Бас прокуратура мен үкімет Гиффеннің ісіне байланысты парламентте мәлімдеме жасады деп халыққа жариялады. Үкіметтің парламентке мұндай мәлімдеме жасағаны менің есімде жоқ дейді.
«Сондықтан бірінші сауал Ахметовке, қай кезде, кімге, мүмкін бір жабық отырыс болған шығар. Мүмкін бір комитеттерге барып баяндаған шығар. Мүмкін бір депутаттарды бөлек жинап баяндаған шығар. Кімге үкімет Гиффенннің ісіне байланысты мәлімдеме жасады. Бұл бірінші сауал, екінші сауал шынында да қай жылдары үкіметтің кеңесшісі болды. Қай жылдары мұнайға байланысты келісім-шартқа қол қойды. Ол қол қойған ба? Үкіметтен бұл жөнінде қандай құжат алды. Ол Қазақстан Республикасының заңына сәйкес келе ме келмей ме? Гиффен мен Үкімет арасында жеке келісім болды ма?Соны бізге ашып берсін деп сауал жолданды » дейді депутат Тоқтасынов.
Ал, сенат пен мәжілістегі бірқатар депутаттардан сөз болып отырған бас прокуратураның Джеймес Гиффенге байланысты мәлімдемесі жөнінде сұрағанымызда олар естеріне түсіре алмады.