Американдық христиан және еврей, мұсылман жетекшілері АҚШ-ң Таяу шығысқа арнайы елші жіберуін өтінген.

Діни басшылар АҚШ мемлекттік хатшысы Колин Пауелмен кездескен. Америкадағы рим-католик Архиепископы Теодор Маккаррик Америка үкіметі осыған дейінгіден де көп нәрсені жүзеге асыруы тиіс деп айтқан. Американдық Раввиндердің орталық конференциясының атқарушы вице-президенті, Раввин Паул Менитофф жол картасы жоспары бейбітшілік жолындағы ең үлкен үміт болып қала береді деген. Жол картасы Израилмен қатар қауіпсіздік жағдайында өмір сүретін жеке Палестина мемлекетінің болуын көздейді.