Халықаралық адам құқын қорғау ұйымдары Ресей ғалымы Сютягинге жасалған сот шешімін қайта қарауға шақырды.

Адам құқын қорғаушы халықаралық беделді бес ұйым Ресей үкіметінен жансыздық жасады деп сотталған Ресей ғалымы Игор Сютягиннің ісінің қайта қаралуын талап етті. Орыс ғалымы Сютягин Ресей ядролық сүңгуір қайықтары туралы құпия деректерді Британиялық бір компанияға сатты делініп 1999 жылы тұтқындалған болатын. Осы өткен көкек айында оны Мәскеу соты 15 жылға абақтыға жапқан еді.