Мұнай шикізатының әлемдік бағасының соңғы 20 жылдағы ең биік шыңына көтерілуіне байланысты, күннің энергиясы мен желдің күшін пайдалану сынды балама көздеріне деген қызығушылық арта түсті. Соның бірден-бір айғағы - Германияның бұрынғы астанасы – Бонн қаласында энергияны басқа балама көздерден өндіру мәселесі бойынша халықаралық конференцияның ашылуы болып отыр. Оның жұмысына дүние жүзінің 100-ден аса елінен 3 мыңға жуық делегат, оның ішінде үкімет басшылары мен министрлер қатысуда. Неміс ғалымдарының пікірінше, технологияның қазіргі деңгейінде күн сәулесі мен желдің қуатын пайдалану арқылы – энергия қуатына деген әлемдік сұраныстан 6 есе артық энергия өндіруге болады. Ал осы сәтте мұнай шикізатының әлемдік бағасы жоғары қалпында тұр – 1 барелль көмірсутегі 41 долларға жақын.
Бонн қаласындағы 4 күндік конференция – Дүниежүзілік дамудың болашағы тақырыбы бойынша Йоханнесбургте 2002 жылы болып өткен жоғарғы деңгейдегі бас қосудың қарсаңына жоспарланған болатын. Алайда, конференцияның ұйымдастырушылары әлемнің мұнай базарларындағы 1 баррель мұнай бағасының 40 доллардан асып жығылатынын алдын-ала болжай алмаса керек. әйтсе де, мұнай бағасының осылайша күрт өсуі және көмірсутегі шикізатына деген кіріптарлықтың жүгін жеңілдету мақсатында энергияның күн сәулесі, жел және теңіз суы тәрізді балама көздерін жедел қарастыруға мәжбүр етіп отыр. Халықаралық конференцияны сөз сөйлеп ашқан Германияның қоршаған ортаны қорғау министрі Юрген Триттен оған қатысушыларды білек сыбана іске кірісуге шақырды. Өз сөзінде неміс министрі Юрген Триттен:
“Осында – Бонда ешкім жалаң декларация айтумен шектелмеуге тиіс – “Ренюблз-2004” конференциясының басты мақсаты – нақты іс-қимыл. Бұл конференцияға біз тиянақты қарауымыз керек. Біз энергияның балама көздерін пайдалануды кеңейтіп, ғаламдық кедейшілікке және ауа райының ғаламдық жылуына қарсы қолдануымыз керек” ...
және ағылшын тілінде:
“Оны шындыққа айналдыруымыз керек”, -деп атап көрсетті.
Энергияның басқа балама көздерін қарастыру проблемасына арналған 4 күндік конференцияға 118 мемлекеттен 2.900-ге жуық делегат, олардың ішінде премьер-министрлер мен үкімет мүшелері қатысып отыр. Күн мен желдің энергиясын пайдалану мәселесіне қоса, делегаттар биологиялық заттардың, геожылу мен сутегінің энергиясын пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуді талқылайды. Балама энергия көздерін жақтаушылар әлемнің Таяу Шығыс сынды тұрақсыз аймағынының энергоресурстарына деген кіріптарлығы бірте-бірте әлсірей бастаған.
Мұнай шикізатын ең көп тұтынатын АҚШ болып табылады. АҚШ тұтынатын шикізаттың басым бөлігі лаңкестік шабуылдардың қатері өте зор Мексика бұғазы мен Таяу Шығыста өндіріледі. Мысалға, өткен демалыс күні Сауд Арабиясындағы лаңкестік шабуыл 1 баррель мұнайдың бағасын шамамен 1 долларға өсірді және сейсенбі күнгі сауданың барысында 1 баррель шикізаттың бағасын 41 долларға сәл-ақ жеткізген жоқ. Көмірсутегі шикізатына сұраныстың ұлғаюы да бағаны көтерді. Сұраныстың өсуі артында - жедел өркендеп келе жатқан Қытай экономикасы мен АҚШ пен басқа елдердегі автожүргізушілердің дизель отынына құмартуы тұр.
Балама энергия көздеріне көшудің тағы бір үлкен дәлелі – жер бетіндегі ауа райының өзгеруіне зор ықпалы болып табылады. Мұнай, көмір сынды қазба отындар жанғанда көмірқышқыл және басқа да газдар бөліп, ғаламдық ауа райының жылуына соқтырады. Балама энергия көздері, бір жағынан, сондай зиянды газдарды әлдеқайда аз бөледі. Бірақ, энергияның балама көздеріне күдікпен қарайтындардың пікірінше, балама отын мәселесі күн тәртбіне бірінші рет шығып отырған жоқ. 1970 жылдардың ортасы тұсында мұнай шикізатының бағасы күрт қымбаттағанда әлем 1970 жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында да “балама отын” деп қатты дүрліккен болатын.
Парижде орналасқан энергия жөніндегі Халықаралық агенттіктің зерттеуіне қарағанда, энергияның балама көздерін табуға арналған зерттеулерге 1981 жылы ең қомақты - 16 млрд. доллар қаржы бөлінді. Алайда, әлемдік мұнай бағасының қайта төмендеген 1987 жылы балама отын көздерін қарастыруға одан 2 есе аз ақша бөлінді. Дүниежүзілік экономика жедел өскен 1990 жылдары балама отын көздерін зерттеулер одан да қысқара түсті. Ал осы күні күн сәулесі мен желдің күшінен өндірілген энергияның үлес-салмағы 1970 жылдардан бері еш өзгермей, қазір бүкіл жер бетінде өндірілетін энергия қуатының 5.5 пайызын ғана құрайды.
Энергия көздері жөніндегі Халықаралық агенттіктің пікірінше, энергияның балама көздері мұнай шикізатына деген тәуелділіктен құтылу мен қоршаған ортаны қорғауда ерекше рөл ойнай алады. Бірақ ол үшін ұлттық үкіметтер осы бағыттағы ғылыми зерттеулерге ерекше ден қоюлары керек. Германияның қоршаған ортаны қорғау министрі Юрген Триттен:
“Ренеуоблз-2004” конференциясы жаңа бастама. Бонн қаласында біз энергияның балама көздерін пайдалануды кеңейту мақсатында бастамаларымызды біріктіріп, БҰҰ-ының құрылымдарымен қол ұстаспақпыз. Ол тиісілі декларациялар, саяси кеңестер және нақты іс-қимылдардың бағдарламасын қабылдау болмақ”, -деп атап көрсетті.
Дегенмен де, отынның балама көздеріне деген көзқарастың өзгеруі мүмкін де болар, бірақ та, тарихтың өзі нұсқап отырғандай, ол өзгеріс көбіне мұнай бағасының қазіргі биік деңгейі қаншалық ұзақ сақталуына байланысты болатын сияқты.