Байланыс туралы заң жобасы бәскелестікті нығайтпақ

  • Жұмагүл ТЕМİРҒАЛИ
Қазақстан Респбуликасының Парламент сенаты "Байланыс туралы" заң жобасына ұсынылған 84 өзгеріс-толықтырудың, 40-ын қабылдамай жобаны Мәжіліске қайтарды. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Біржан Қанешев заң жобасының телекоммуникация саласында бәскелестікті дамытуға қолайлы жағдай жасауды көздейтінін айтады.

Сенаттың аймақтық және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің «Байланыс туралы» заң жобасына байланысты жасаған қортындысына сүйенсек жоба Қазақстанның телекоммуникация саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға бағытталыпты.

Біржан Қанешев, қазіргі уақытта Қазақтелеком компаниясының халықаралық және қала аралық байланыс қызметін көрсету құқығы бар, бұған үкіметтің тиісінше қаулысы қабылданған, бірақ, сөз болып отырған заң жобасы қабылданғаннан соң үкіметтің қаулысы алынады. Ал, Қазақтелком аталған рынокта қызмет көрсету құқығынан айырылады дейді.

Қанешев, Қазақтелеком компаниясының алыс байланыстарға бағаны 36 пайызға төмендету туралы өтініші бар, бірақ біз оны 60 пайызға дейін төмендеуін жобалап отырмыз дейді. Ал, телекоммуникация саласына үш оператордың енуінен қала аралық байланыстың бағасын 20 пайызға дейін төмендетуге болады деп есептейді. Сондай-ақ ұялы байланыс қызметі саласында баға 20 пайызға төмендеу болады дейді Қанешев мырза. Заң жобасында телефон сөйлесулерін тыңдауға, телекоммуникация хабарларымен танысуға, почта жөнелтілімдері мен құжаттық хат-хабарларды кідіртуге, қарауға және алуға, олар туралы мәліметтер алуға, сондай-ақ байланыс құпияларын өзге де шектеулерге Қазақстан заңдарында белгіленген жағдайларда және тәртіппен рұқсат етіледі деген норма қаралыпты.

Қанешев мырза, телефон сөйлесулерін тыңдауға байланысты қойылған сұраққа берген жауабында қауіпсіздік мәселесі заң жобасында қамтылған, тиісті органдар прокуратураның рұқсатынан кейін сол жұмыстарды ұйымдастыру баптары қаралған дейді.

Ал, Мәжіліс депутаты Серікбай Әлібаевтің айтуынша, телефон сөйлесулері прокуратураның рұқсатынсыз да тыңдалады.

Сенат депутаты Зәуреш Батталова мен саясаткер Сейдахмет Құттықадам болса өз телефондарының үнемі тыңдалатынын айтады.

Бұл жайында жекелеген депутатардан сұрағанымызда олардың бірқатары өз телефондарының тыңдалатынын айтса, енді бірі тыңдалмайтынын айтты. Сөз болып отырған «Байланыс туралы» заң жобасын Сенат Мәжіліске қайтарды.