ОПЕК-тің президенті, Индонезияның энергетика министрі Пурномо Юсжианторо мұнай бағасының көтеріліп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, ұйым бағаның төмендеуіне шаралар қолданатын болады деп атап көрсеткен.
-Біз қазіргі қалыптасып тұрған жағдайға алаңдаулымыз, сондықтан да жағдайды тұрақтандырып, бағаны қалыпқа түсіру жолында барлық шараны жасаймыз. Мұны қаншалықты қажет болғанға дейін жалғастыра беретін боламыз,-деген.
Біраз күндерден бері әлемдік мұнай бағасы рекордты шегіне жетіп тұр.
Бір баррелдің 40 доллардан асуы ғаламдық экономиканы тұрақтандыруға қауіп төндіреді.
ОПЕК-тің ақпарат бөлімінің директоры Омар Ибрахим шілденің бірінен мұнай өндірудің күндік баррелін 25.5 миллионға, ал 1- тамыздан 26 миллионға жеткізу көзделіп отыр деген.
ОПЕК елдері министрлерінің келесі кездесуі 21 шілдеде Венада өтетін болады.