Ирақтың сыртқы істер министрі АҚШ бастаған коалиция күштерінің алдағы уақытта елде қалу, қалмауы жөнінде Ирақ басшыларының өз пікір -көзқарасы болуы керек дейді.

Бейсенбі күні Қауіпсіздік кеңесінде сөйлеген сөзінде Хошияр Зебари кеңесте талқыланатын Ирақтың болашағы жөніндегі қарарда Ирақ үкіметі мен мұндағы көпұлтты күштер арасындағы қарым-қатынастың қандай болатыны айқын көрсетілуі тиіс деген. Зебари 30 маусымда билік уақытша үкіметке берілгеннен кейін үкімет коалиция күштерінің елде тек қана қауіпсіздік мәселесіне байланысты қалғанын қалайды деп атап көрсеткен. -Ирақтың өтпелі үкіметі жане жаңа уақытша Ирақ үкіметтің болашақта АҚШ бастаған коалиция күштерінің елде қалуы жөнінде өз пікірі болуы керек және бұның жаңа шешімде көрініс тапқанын талап етеміз,- деген. Сондай-ақ ол Ирақ егемендігіне нұқсан келмейтіндей келісімдер жасалып, коалиция күштеріне соғыс жағдайында ғана қорғануға хұқ берілетін болуы керек деп те атап көрсеткен.