Маусымның 2 сі күні интернеттегі «Навигатор» басылымында «Ассанди Таймс» газетінің кезектен тыс жалған нөмірінің жарыққа шығуына байланысты газет редакциясы бұл президент әкімшілігі немесе онымен жақтас құрылымдар тарапынан әдейі істеліп, газеттің оқырмандар алдындағы бет беделін түсіру үшінгі жасалып отырылған кезекті іс әрекет деген болжам келтірген ресми мәлімдемесін жариялаған болатын.
Алайда президент әкімшілігі бұдан ат тонын ала қашып, өзінің бұл іске ешбір қатысы жоқ екіндігін айтқан мәлімдемесін де жариялап отыр. Президент әкімшілігінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде «Ассанди Таймс» газеті редакциясының бұл айтқаны шындыққа жанаспайды әрі бұл президент әкімшілігінің атақ абыройына нұқсан келтіріп отыр делінген. Осыған байланысты ҚР президентінің әкімшілігі «Ассанди Таймс» газеті мен интернеттегі «Навигатор» басылымының редакциялары ақиқаттан алыс, өтірік айып таққаны үшін президент әкімшілігінен кешірім өтінуі тиісті егерде оны орындамаса онда әкімшілік сотқа қайырылуға дейін барады делінген аталмыш мәлімдемеде.
Осы мәлімдемеге байланысты «Ассанди Таймс» газетінің бас редакторының орынбасары Галина Дырдинамен хабарласқанымызда ол өзінің президент әкімшілігінің бұл мәлімдемесін қолына ұстап көрмегендігін, тек біреулерден естігіендігін айтты. Алайда президент әкімшілігінің баспасөз қызметінің өкілі Лаззат Танысбаева болса президент әкімшілігінің ресми хатының «Ассанди Таймс» газеті редакциясына жолданғанын хабарлады.
Бұл мәселеге байланысты заңгер, Алматы қалалық адвокаттар кеңесінің мүшесі Мұстақим Төлеев былай дейді:
Бұл жерде Ассанди Таймс газеті редакциясы президент әкімшілігін нақты түрде жалған газеттің шығуын ұйымдастырды деп айыптап отырған жоқ, бәлкім деген болжам келтірген бұл екі басқа мәселе болмақ. Алайда егер «Ассанди Таймс» газеті редакциясы президент әкімшілігінен кешірім өтінбесе онда әкімшілік редакцияны бір айдың ішінде сотқа бере алады.