Бүгін ЕуроОдақтың сыртқы саясат басшысы Х.Солана Косово өлкесінің астанасы Приштинаға келуге тиіс. Ол Косовоға сенбі күні 16 жастағы серб жеткіншегінің оқтан қаза болуы себепті келмекші. Оған оқ атты деген күдікпен жергілікті 2 албандық тұтқындалды. Кеше Приштинаның негізінен сербтер тұратын Грачаница ауданында сербтердің жаппай шеруі болып өтті.