Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ Иранның ядролық бағдарламаларын тексеруді таяу айларда толық аяқтамақ.

Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ Иранның ядролық бағдарламаларын тексеруді таяу айларда толық аяқтамақ. Ол жайында агенттіктің бас директоры Мухаммад Әл-Баради мәлімдеді. Сонымен бірге ол:

Иранның жаңа есебінде оның ядролық бағдарламалары туралы толық мәлімет берілген болар деген үмітін білдірді. Ресми Теһранның мәлімдеуінше, оның ядролық ізденістері бейбіт мақсатты көздейді, ал байытылған уранның өткен аптада МАГАТЭ инспекторлары тапқан ізі халықаралық “қара базарда” сатып алынған жабдықтан аңғарылған.