Кеше Сауд Арабиясының астанасындағы қарулы шабуылдан британдық ВВС телекомпаниясының операторы оққа ұшып, тағы бір журналист жараланды. Саудияның ішкі істер министрлігі хабарлағандай, шетелдік азаматтарды Әр-Риад қаласының кедейлер тұратын ауданында белгісіз біреулер атып кеткен. Сауд Арабиясында шетелдіктерге шабуылдар жиілеп кетті. Өткен аптада қарулы лаңкестер Әл-Хубар қаласында мұнай компаниясының кеңсесі мен тұрғын үй кешенін басып алып, 20 адамды, оның ішінде 19 шетелдікті өлтірді.