Кеше НАТО одағы украиналық жүк ұшақтарын пайдалану туралы Украинамен арадағы келісімге қол қойды, бірақ Киевтің одаққа қабылдануына әлі ерте. НАТО-ның ресми өкілдері мәлімдегендей, меморандумда НАТО-ның украиндық ұшақтарға мұқтаж болуы ықтимал деп көрсетілген және ол құжат Брюссель мен Киевтің келешектегі ынтымақтастығына негіз болмақ. Алайда НАТО-ның бас хатшысы Яаап де Хооп Схеффер: “НАТО-ға қабылдану мәселесін көтеруден бұрын Украина елдегі демократияны тереңдетуге тиіс”, -деп атап көрсетті.