Ауғанстандағы қайта құру ісіне көмектесіп жүрген қытайлық 11 жұмысшының өлтірілгеніне байланысты Қытай елі қатаң айыптау жариялады.

Елбасы Ху Жиңтао оқ атқандардың кімдер екендігін анықтап, оларды міндетті түрде жазалауды Ауған өкіметінен талап етіп отыр. Бұл оқиғаға жауап ретінде БҰҰ-ы Ауғанстанда алда болатын сайлауларға орай жүргізіп жатқан тіркеу жұмыстарын кілт тоқтатты. Сондай-ақ, өз жұмыскерлерінің арнайы жолдар бойынан аулақ жүрулеріне кеңес берісті.