“Үлкен сегіздікке” мүше мемлекеттердің Си-Айлэндтегі 3 күндік бас қосуының соңғы мәжіліс Африка елдеріне көмек беру мен СПИД дертіне қарсы күреске арналды.

“Үлкен сегіздікке” мүше мемлекеттердің Си-Айлэндтегі 3 күндік бас қосуы аяқталды. Соңғы мәжіліс Африка елдеріне көмек беру мен СПИД дертіне қарсы күреске арналды. Бас қосуда қабылданған маңызды шешімдердің ішінде Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру бастамасы, ең кедей елдер үшін қарыздарын төлеуді 2 жылға кейін шегеру, сыбайластық жемқорлыққа, кедейлік пен аштыққа қарсы күрес, сондай-ақ Африка құрлығы үшін бітімгершілік күштерін жасақтау туралы шешімдер болды. Сонымен қатар Палестина-Израиль жанжалын бейбіт жолмен үйлестіруге бағытталған тығырыққа тірелген процесті осы айдан-ақ қайта жалғастыру жайында уағдаласты.