Ташкенттегі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны демаркациялау жөніндегі біріккен комиссияның шешімі

Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараны демаркациялау жөніндегі біріккен комиссияның кезекті отырысы аяқталды. Біріккен демаркациялық комиссия мүшелері шекараның күрделі участкелерінде болып, екі мемлекет тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, шекаралық белгілерді орнату орындарын зерттеген.
Демаркациялау процессі 2004 года 19 маусымында "Жібек жолы" шекаралық бекетінен басталған болатын. Шекараның жалпы ұзындығы 2350 шақырым. Қазақстандық делегацияның жетекшісі Қазақстанның сыртқы істер министрлігіінң айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Атановтың мәліметінше, екі жақ арасында кеңес одағы кезінен тұрып қалған, адамдар өте тығыз тұратын бес алты аймақ бар.

-Екі жақ уағдаласып сызық пен бағаналарды үйлерді екіге бөлмесін деп, паритеттік негізде бір гектар немесе одан да кіші аймқтарға екі жақ айырбастап қиын мәселелерді шештік.

Кейбір Қазақстандық саясаттанушылардың мәліметінше, Өзбекстанның жоғарғы оқу орындарының тарих пәндерінің ұстаздары Оңтүстік Қазақстан территориясындағы Мақтаарал Сарыағаш, Төлеби, Түркістан және Сайран аудандарын өзбек жері деп айтып жүр. Ал Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы пікірталас тудырған елді мекендердің бірі Бағыста болған саясаттанушы Дос Көшімнің демаркацияға қатысты өзіндік пікірі бар. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара мәселесінде жариялылық болмаса, демаркацияны тұрғындар елемейді деген қауіп бар дейді саясаттанушы.

- Демаркация жасалып біткен күннің өзінде Бағыстың тұрғындары қай жер өзінікі қай жер Өзбекстандікі екенін білген жоқ. Сондықтан сол жердегі халық сол ауылдардың әкімінде не қоғамдық ұйымдарда жердің бөлінуі туралы нақты картасы болуы керек. Ол әлі күнге дейін белгісіз болып отыр. Демаркация жасалғанның өзінде осы қала ма деген қауіп бар.

Демаркация барысында 600 негізгі және 200 аралық шекаралық бақан орнатылады. Негізгі 2 метрлік бақандарда мемлекеттік ел таңба белгісі соғылады. Ал 1 метрден сәл биік аралық бағаналарда ел таңба белгісі жоқ. Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пікірінше, бағаналар орнатудың сыртында, Өзбекстан жағындағы шекарашылар тәртібіне көңіл аудару қажет.

-Есепке алынбайтын жағдай, Өзбекстан армиясының тәртібі өте төмен және оларда жемқорлық бар. Сондықтан, оқиғалар олар жағынан болып жатыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Атановтың мәліметінше, бағаналарды орнату процессі әр түрлі оқыс оқиғалардың алдын алу үшін, полицияның қатысуымен жүргізіледі, қазір Қазақстан жағына міндеттелген бағаналардың 23 пайызы орнатылған дейді елші.

-Үкімет қаулысы бойынша, шекарашылар мен полиция көмектесу керек. Екі жақ қосылып 1500 бағана қою керек. Сонда 750 Қазақстан, 750 Өзбекстан қою керек. Соның ішінде 177 бағана Қазақстан жағынан қойылған.

Саясаттанушы Дос Көшімнің мәліметінше, мемлекеттер арасында жер алмасу сияқты жайттар болуы орынды. Бірақ, ол учаскелердің белгілі бір елге тиімді келесісіне тиімсіз болған жағдайда бұл ақпарат жария болу керек дейді саясаттанушы.

-Егер, осы болмаса адам өлімі де елдің арасындағы қақтығыстар бола береді. Оның арты қырғынға ұшырауы әбден мүмкін. Біздің басшыларымыз әлі де бұрыңғыша жасайды, жоғарыда жасалды болды, халық оны білуі керек емес сияқты. Егер, кеткен жерлер болса, соның дәлелін айтып, Қазақстан мен Өзбекстан арасында қанша жер алмасу болды, қанша шаршы шақырым және ол жерлердің тиімділігі мен тиімсіздігі парламенттің алдына ашық қойылу керек.

Саясаттанушылардың басым көпшілігі демаркацияның қажеттілігіне талас тудырмайды. Егер демаркация жүргізілмесе, Қазақстан мен Өзбекстан арасында қылмыстық топтар құрылып шекараға жақын орналасқан елді мекендерде қылмыстарын жасауы ықтимал деген жорамал жасалған. Бұл жағдайда, Қазақстандық шекарашылар ол топты Қазақстан жерінде деп есептесе, өзбек шекарашылары оларды Өзбекстан жерінде жүр деп қате есептеуі мүмкін. Ал әзірге екі жақтың шекарашылары қару-жарақтарын сақадай сай қылып ұстап отыр.