Ислам Конференциясы Ұйымына мүше 57 мемлекет басшыларының Стамбулдағы бас қосуының ашылуында Түркия президенті Ахмет Неджет Сезер демократия - Таяу Шығысқа міндетті түрде келеді деп мәлімдеді.

Демократия Таяу Шығысқа міндетті түрде келеді. Ислам Конференциясы Ұйымына мүше 57 мемлекет басшыларының Стамбулдағы бас қосуының ашылуында Түркия президенті Ахмет Неджет Сезер осылай деп мәлімдеді. Түркия президенті ерекше атап көрсеткеніндей, нақты қандай демократиялық реформаларды жүзеге асыру қажеттігін әрбір мұсылман елінің өзі шешуге тиіс. Бас қосудағы негізгі мәселелердің бірі – Ирақтағы ахуал. БҰҰ-ының бас хатшысы Ислам Конференциясы Ұйымын Ирақтың өтпелі үкіметін қолдауға шақырды.