Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-нің бас директоры Мухаммад Әл-Барадидің мәлімдеуінше, Иранның МАГАТЭ-мен ынтымақтастығы тіпті қанағаттандырмайды. Оның айтуынша, Иран өзінің ядролық бағдарламасы жайында толық мәлімет беретін мезгілі келді. Оның артынша Иранның сыртқы істер министрі Камал Харрази Теһран өзінің ядролық бағдарламасы туралы МАГАТЭ-ге толық мәлімет берді деп мәлімдеді. Өз сөзінде министр Теһран МАГАТЭ-мен арадағы қарым-қатынасын әрі қарай жалғастырады деп атап көрсетті. МАГАТЭ басшылығы Иранды ащы сынға алатын Қарардың жобасын талдау үстінде.