Тұтқынға алынған Ирақтың бұрынғы диктаторы Саддам Хусеиннің тағдыры шешілетін мезгіл жақындаған сияқты. Өйткені, Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауидің сейсенбіде мәлімдегеніндей, алдағы 2 аптаның ішінде Америка Құрама Штаттары оны қылмыстық істері бойынша жауапқа тарту үшін уақытша үкіметтің қолына бермекші. Әйткенмен де, сот үрдісі қашан басталады, Ирақ үкіметі оның қауіпсіздігіне кепілдік бере ала ма, соттың әділдігі қалай қамтамасыз етілемекші деген сияқты көп сауал туады.
Сейсенбі күні Ирақтың уақытша премьер-министрі Ияд Аллауи басқа жүздеген әскери тұтқынмен бірге бұрынғы диктатор Саддам Хусеинді АҚШ алдағы 2 аптаның ішінде Ирақтың уақытша үкіметіне тапсырады деп мәлімдеді.
И.АЛЛАУИ: “Қазіргі тұтқындарды бірін қалдырмай Ирақ үкіметінің қолына береді. Олар алдағы 2 аптаның ішінде үкіметтің қолына өтуге тиіс. Саддам Хусеин мен басқалар да Ирақ үкіметіне тапсырылады”.
Ияд Аллауи әрі қарай былай деп ойын жалғастырды:
И.АЛЛАУИ: "Саддамның соты мейлінше ерте басталады. Оны Ирақ үкіметінің қолына тапсыру ашықтан-ашық өтеді... Саддам Ирақ үкіметінің қолына беріледі”.
Міне Ирақтың уақытша премьер-министрінің осы мәлімдемесі баспасөз беттерінде “Саддамды Ирақ үкіметінің қолына тапсыру қашан және қалай өтеді?” дегендей сан-алуан талдау-болжам туғызды. Ендігі жерде АҚШ-тың Қатар араб еліндегі әскери базасында тұтқында отырған Саддамның қауіпсіздігі мен күзеті күшейтіледі деген болжамдар да айтылуда.
Ал әзірге алдағы екі аптаның бедерінде не болып не қоятыны белгісіз. Оған ең басты себеп – Аллауидің әлгі мәлімдесіне байланысты журналистердің сауалдарына америкалық өкілдер екі ұшты жауаптар беру үстінде. Сейсенбі күні Америкадағы Си-Эн-Эн телекомпаниясы, Пентагондағы ақпарат көзін сілтей отырып, қорғаныс мекемесі өкілдерінің Ирақтағы тұтқындарды Бағдадтың қолына беру жайында Вашингтонның нақты қандай жоспары барынан бейхабар отырғанын хабарлады. Аты-жөні аталмаған әскери өкілдер Ирақтағы билік Ирақ үкіметінің құзырына берілетін 30 маусымнан кейін де, Саддам Хусеин мен басқа да мыңдаған әскери тұтқын АҚШ күштерінің тұтқынында қала береді деп ойлайтындарын ортаға салған.
Басқа бір ақпарға сәйкес, тұтқындар Ирақ үкіметінің қолына беріледі. Мысалға, дүйсенбі күні АҚШ армиясының өкілі Бағдадта осы айдың соңына дейін 1.400 тұтқын не босатылады, не Ирақ үкіметінің қолына тапсырылады деп хабарлаған. Полковник Барри Джонсонның айтуынша, қалған 4-5 мың тұтқынды коалиция күштерінің жауы деп есептейді. Дегенмен де, Саддам Хусеиннің тағдырына байланысты Б.Джонсон бірауыз сөз айтпады.
Сейсенбі күні Ирақ үкіметі Саддам Хусеиннің жуырда жауапқа тартылатынын тағы да тілге тиек етті. Ирақтың уақытша президенті Ғази Әл-Йавир Бағдадта журналистерге Вашингтон бұрынғы президентті үкіметке беруге асығып отыр деп мәлімдеді.
Ғ.ӘЛ-ЙАВИР: “Бұрынғы президент - Саддам Хусеинді өз қолымызға қабылдап алуға біздің қашан дайын болатынымызды менен (Джордж) Буштың өзі сұрады. Құрама Штаттары бұрынғы президентті Ирақ үкіметінің қолына тапсыруға асығып отыр”. Алайда, С.Хусеин Ирақ үкіметіне қолма-қол тапсырыла ма, әлде, уақытша болса да, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол басқа елде қала бере ме, оны Әл-Йавир тәптіштеп айтпады. Ғ.ӘЛ-ЙАВИР: “Ең алдымен біз Саддамның соты басталғанша, оның бас амандығына кепіл бола алатынымызға көз жеткізуіміз керек. Сот процесінің заңға сәйкес жүретініне толық көз жеткізу керек. Саддам Хусеиннің қорғануға қанша құқы болса, үкіметтің де оған айып тағуға соншалықты құқы бар”.
Саддам Хусеинге адамзат баласына қарсы қылмыс жасады деген, атап айтқанда 1988 жылы Ирақтағы Һалабия елді-мекенінде күрдтерге қарсы химиялық қару қолданғанын және Парсы шығанағындағы 1991 жылғы соғыстан кейін Ирақтың шиит мұсылмандарын жаппай қырып-жойғанын қоса алғанда, туған халқына қарсы жасаған зұлымдық істері бойынша айыптар тағылатын тәрізді. Қазір бұрынғы диктатор “әскери тұтқын” мәртебесінде АҚШ-тың қамауында отыр. Халықаралық нормаларға сәйкес, Ирақтағы билік АҚШ бастаған коалициялық күштерден Ирақ үкіметінің құзырына өтетін 30 маусымға дейін оған не ресми түрде айыптар тағылуға, не ол босатылуға тиіс. Халықаралық “Қызыл Крест” комитетінің жетекшісі дүйсенбі күні Женевада бұрынғы диктаторға ешқандай айып тағылған жоқ деп мәлімдеді.
Антонелла Нотаридің пікірінше, Саддам Хусеинге айып тағу – Ирақ үкіметіне бұрынғы диктаторды сот арқылы жауапқа тартуға мүмкіндік береді. Өйткені, әскери қылмыстар жасаған әскери тұтқын бостандыққа шығарылмай, жауапқа тартылып, сот арқылы заңды жазасын алуға тиіс”.